18 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №83

374 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 қаңтар,  Астана қаласы Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс үргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидаларын бекіту туралы «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-17) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев): 1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде бұйрықтың көшірмелерін кезеңдік баспа шығарылымдарда және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ.ҚАСЫМОВ. 2015 жылғы 10 ақпан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Teмipжол көлігінің қауiптілігi жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлердi орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы темiржол көлiгiнiң қауіптiлiгi жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлерді орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Темiржол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi, Teмipжол көлігінің қауiптілігi жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлердi орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiржолдар арқылы жүріп өту және өту тәртібін, сондай-ақ темiржол көлiгiнiң жолаушыларының және азаматтардың қауiптiлiгі жоғары аймақтарда болуы және темiржолдар арқылы жүріп өту кезiндегi қауіпсіздігі шараларын айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады: 1) темiржол өткелi - автомобиль жолдарының теміржол жолдарымен бiр деңгейде қиылысу орнында орналасқан қауіптілігі жоғары объект; 2) темiржол көлігінің қауiптiлігі жоғары аймағы - темiржолдар, темiржол станцияларының, вокзалдардың аумақтары, тасымал процесiмен байланысты темiржол көлiгi ұйымдарының өзге де объектiлерi; 3) жаяу жүргiншiлер төсемi - «Жолдар арқылы өту» көрсеткішімен белгiленген және темiржолдар арқылы жаяу жүргiншiлердiң қозғалуы үшiн бөлiнген темiржолдар учаскесi. 3. Қағидалар қызметi темiржол көлігінің қауiптiлiгi жоғары аймақтарында объектілерді орналастырумен және оларда жұмыстар жүргiзумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға, темiржол көлігінің қызметтерiн пайдаланатын жолаушыларға, және қауiптiлігi жоғары аймақтарда тұратын азаматтарға қолданылады. 4. Темiржол көлігінiң қауiптiлiгі жоғары аймақтарының шекаралары Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына және қағидаларына сәйкес айқындалады. 2. Қауiптілiгi жоғары аймақтарда жолаушылардың және азаматтардың болуы, темiржолдар арқылы жүріп өтіу және өту тәртібi 5. Поездың келуiн күту темiржол станциясының, вокзалдың (күту залдары, балалы жолаушыларға арналған бөлмелерi, демалыс бөлмелерi, сауда және қоғамдық тамақтандыру пункттерi) арнайы белгіленген орындарында жүзеге асырылады. 6. Жолаушылардың вагондарға отыруы (түсуi) поезд толық тоқтағаннан кейiн жүргiзiледi. 7. Жолаушылардың вагондардан шығуы мен отыруы перрон немесе отырғызу платформасы жағынан жүргізiледi. Кәмелетке толмаған балалар вокзал аумағында ересектердiң қарауында болады. 8. Қауiптілiгі жоғары аймақтарда: 1) балаларды қараусыз қалдыруға, әртүрлі қимыл ойындарын ұйымдастыруға; 2) қол жүгімен, багажбен, өзге де заттармен вокзал ғимаратына/ғимаратынан перрондарға, отырғызу платформаларына, жаяу жүргіншілер көпірлеріне, төсемдерге, туннельдерге өтетін жолдарды бөгеуге; 3) вагондардың төбесiне, есігінiң баспалдақтарына, өту алаңдарына отыруға; поезд жүрiп келе жатқанда поезға отыруға және түсуге, поезд жүріп келе жатқанда вагон терезелерiнен және тамбурлардың есіктерiнен үңіліп қарауға; 4) iлме басқыштар мен өту алаңдарында және темiржол көлiгiнiң баспалдақтары мен басқа да сыртқы бөлiктерiнде тұруға, жүрiп келе жатқан поезд вагондарының есiктерiн ашуға, қала маңына қатынайтын поездардың автоматтық есiктерiнiң ашылып-жабылуына бөгет жасауға; 5) арнайы рұқсатсыз жүк поездарында жүруіне; 6) жолаушы платформасы арқылы келе жатқан немесе жөнелiп бара жатқан поезд вагонының жанында жүгiруге, сондай-ақ тоқтаусыз өтiп бара жатқан поездың қозғалысы кезiнде платформаның шетінен екi метрден кем қашықтықта болуға; поезд толық тоқтамай вагонға жақындауға; билетсіз жүк тасымалы мен жолаушы тасымалын жүргізуге; 7) поезды қажетсiз, өз еркiмен тоқтатуға рұқсат етілмейді. 9. Темiржолдардан тек белгiленген орындардарда, жаяу жүргiншiлер көпiрлерi, туннельдерi, темiржол өткелдерi арқылы ғана өтуге рұқсат беріледi. Көпiрлерi мен туннельдерi жоқ станцияларда темiржолдардан жаяу жүргiншiлер төсемдерi арқылы өтуге рұқсат етіледi. 10. Азаматтар жаяу жүргiншiлер төсемi бойынша темiржолдан өтер алдында жүрiп келе жатқан темiржол көлiгiнiң болмауына көз жеткiзуi қажет.Темiржол көлiгi жақындаған кезде тоқтауы және оны өткiзуi қажет. 11. Темiржол өткелiне жақындаған кезде азаматтар жарық және дыбыс дабылын, сондай-ақ шлагбаумның орналасу жағдайын байқайды. Жолдарды кесiп өту ашық шлагбаум кезінде жүрiп келе жатқан темiржол көлiгі болмағанда жүзеге асырылады. 12. Темiржолдар арқылы жүріп өту және өту аймақтарында: 1) темiржол бойымен шеткi рельске бес метрден жақын жерден өтуге; 2) жаяу жүргiншiлердің өтуi үшiн жабдықталмаған жолдармен темiржол көпiрлерi мен туннельдерi арқылы өтуге; 3) темiржолдар арқылы жүруге; жақын келе жатқан поездың алдынан, егер оған дейiнгi қашықтық 400 метрден кем болса, темiржолдар арқылы өтуге; бiр бағыт поезд өткеннен кейiн, қарсы бағыттағы поезд жүрiсi болмауына көзi жетпей, көпжолды учаскелер арқылы өтуге; 4) шлагбаум жабық тұрған немесе өткелдiң дабыл бағдар шамы қызыл белгiсiн көрсеткен кезде темiржол өткелдерiнен өтуге; темiржол өткелiндегi жабық тұрған шлагбаумның астына түсуге, сондай-ақ шлагбаум жабыла бастаған кезде өткелге шығуға; бағыттамалы бұрмалар бойынша жолдардан өтуге; станциялар мен екi аралықтарда вагондардың астына кiруге және жолдан өту үшiн авто тiркеуден асып түсуге; 5) электрлендiрiлген учаскелерде тiректерге шығуға, сондай-ақ тiректен рельске дейiнгi еңiстерге жанасуға; жерде жатқан электр сымына сегіз метрден жақын қашықтыққа жақындауға; 6) рельстерге тұруға немесе отыруға, үшкір және рамалық рельс немесе бағыттамалы бұрмалардың жылжымалы өзектерiнiң айқаспасы бар науа арасында тұруға; 7) темiржол көлiгi қозғалысының бұзылуын тудыратын заттарды темiржолдарға қоюға, тастауға, қалдыруға жол берілмейді. 3. Темiржол көлігінiң қауiптiлiгі жоғары аймақтарында объектiлердi орналастыру және жұмыстар жүргізу тәртібi 13. Қауiптiлігі жоғары аймақтарында объектiлердi орналастыру және жұмыстар жүргiзу Ұлттық инфрақұрылым операторы беретін жазбаша рұқсат негiзiнде жүргiзiледi. 14. Темiржол көлiгінiң қауіптiлiгi жоғары аймақтарында объектiлердi орналастыруға және жұмыстарды жүргiзуге рұқсат алу үшiн Ұлттық инфрақұрылым операторына мынадай құжаттар ұсынылады: 1) еркін түрде жұмыс жазбаша өтiнiш ; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте әзiрленген және бекiтiлген жобалық құжаттама; 3) жұмыстар жүргiзу кезiнде темiржол көлiгiнiң қауiптiлігi жоғары аймағында зақым келтiрiлген элементтерді қалпына келтiру туралы міндеттеме; 4) жұмыстарды жүргiзу қоршаулар мен орындарды қою схемасы; 5) жұмыстарды жүргiзудiң күнтiзбелiк кестесi және жұмыстарды жүргiзудiң күнтiзбелiк кестесiне сәйкес жұмысты аяқтау мiндеттемесi. 15. Өтiнiш жетi жұмыс күннің iшiнде қаралады. Көрсетiлген мерзiмнен кейiн дәлелдi жауап берiледi. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбау қауiптілiгi жоғары аймағында объектінi орналастыруға және жұмыстар жүргiзуге рұқсат беруден бас тартуға негiз болып табылады. 16. Жедел авариялық-қалпына келтiру жұмыстары келесідей рұқсат берумен Ұлттық инфрақұрылым операторы өкiлiнiң қатысуымен орындалуы тиiс. 17. Темiржол көлiгiнiң жоғары қауіптiлiк аймақтарында жұмыстарды жүргiзу темiржол көлiгiндегi қозғалыс қауіпсiздігін төмендетпеуi, темiржол көлiгi қозғалысында үзiлiстердiң пайда болуына әкелмеуі тиiс. 18. Темiржолдардың электр беру және байланыс желiлерiмен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, автомобиль жолдарымен және басқа да жер үстi және жер асты құрылғыларымен қиылысуына тиісті мемлекеттік органның келiсiмiнен кейiн жол берiледi. Темiржолдардың жер үстi және жер асты құрылыстармен қиылысуы осы құрылыстарды жобалау мен орналастырудың нормативтiк-техникалық актілерiнiң тиiстi талаптарын сақтай отырып орындалуы тиiс. 19. Темiржол көлiгiнің қауiптiлігi жоғары аймақтарында мал жайылымына жол берілмейді. 20. Қауiптілiгi жоғары аймақтарға өрттердi, аварияларды және басқа да табиғат апаттарын жою үшiн өрт сөндiрушiлердің және авариялық-құтқару командаларының жауынгерлiк есептерi жедел және шұғыл медициналық көмек бригадалары кедергiсiз жіберiледі. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10534 болып енгізілді.